- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында балабақша...
Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 миллион теңге ұрлық жасағанын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.
Жымқыру дерегі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болды.
Осы дерек бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау).
Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр.
Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина