Жетісу облысы Қабанбай ауылындағы "Қуаныш 2" балабақшасында шу шықты. Ата-аналар мектепке дейінгі мекемедегі тамақтың сапасына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ойлардың айтуынша, мұнда балаларға мерзімі өтіп кеткен және иісі жағымсыз тартылған ет беріледі.
"Фарш сасып кеткен ғой. Мүмкін емес қой мынаның иісі. Сонда балалар не жесе де бәрібір ме?" - деді олар.
Сондай-ақ, терезе алдындағы шаң мен әжетханадағы тарақандар ата-аналардың жағасын ұстатты. Осыған байланысты өңірдің санитарлық дәрігерлері аталған мекемеде жоспардан тыс тексеріс бастады.
Зертханалық зерттеулерге ас блогының 4 персоналынан бактерия тасымалдаушылыққа алынған сынамалардан теріс нәтиже анықталды. Дайын тамақ өнімдерінен алынған 4 сынама оң нәтиже көрсетіп, 20 шайындының 2 сынамасынан ішек тобы таяқшасы бактериялары анықталды.
Зертханалық зерттеулерге дайын тамақ өнімдерінен микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеуге сынама, микробиологиялық зерттеуге патогенді микрофлораға шайынды алынған.
"Нәтижесі жұмыс үстінде, тексеріс жалғасып жатыр. Бүгін аяқталады. Тексеріс нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - дейді облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!