Жетісу облысында 1 жасар бала дәрігерлердің кінәсінен көз жұмды. Аурухана өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 шілдеде бір жасар қыз баланың дене қызуы көтеріліп, құсқан. Кейін ол Алакөл ауданы Қабанбай ауылында аудандық ауруханаға жеткізілген.
Аудан дәрігерлері балаға жұқпалы инфекция, панкреатит диагнозын қойған. 2 күннен кейін балаға аппендицит диагнозы қойылып ота жасалған. Оның жағдайы керісінше нашарлай бастаған. Отадан кейін бала комаға түскен. Ал 23 тамызда қайтыс болған.
Алакөл аудандық орталық аурухана өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"2022 жылы туған бала 1 тамыздан "Алакөл орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК жеткізілді. Түскен кезде науқастың жағдайы өте ауыр еді, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция алдындағы дайындықтан кейін балаға 1тамызда сағат 13:00-де ота жасалды. Балаға толық медициналық көмек көрсетілді, жүргізіліп жатқан қарқынды терапияға қарамастан бала 23 тамызда сағат 08:00 бала қайтыс болды. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!