- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында әйел...
Жетісу облысында әйел балаларын 2 миллион теңгеге сатып жіберген
Жетісу облысында екі бірдей баласын сатып жіберген әйел ұсталды. Тасбауыр ана әр сәбиін бір миллион теңгеге бағалап, қаржыны қалтасына басып үлгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 23 жастағы әйел былтыр қазанда босанып, шақалақты бірден ақшаға айырбастаған. Ол бауыр еті баласын делдал арқылы саудаға салған. Әйел өткен айда туған екінші сәбиін де бір миллион теңгеге сатып жіберген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жүріп жатыр. Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, 9 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
"Күдікті делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші дерек 2022 жылғы қазанда, екінші дерек 2023 жылғы тамызда болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы 1 миллион теңге болған", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Тағы да оқи отырыңыз: Қанша жаста үйленген дұрыс?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек