Жетісу облысында жол апатынан ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған. Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды. Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!