Жетісу облысының Алматы - Өскемен тас жолында МАN жүк көлігі мен Volkswagen Passat жеңіл автокөлігі соқтығысып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Алматы - Өскемен тас жолының 466-шақырымында жол апаты болды. Болжам бойынша, 42 жастағы жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кетіп, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен.
Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың екеуі ауыр жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді.
Екі көлік арнайы автотұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!