- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында ауылдарды...
Жетісу облысында ауылдарды су басты: тұрғындарды құтқару қалай жүргізіліп жатыр?
Құтқарушылар Жетісу облысындағы су басқан ауылдардан адамдарды эвакуациялау сәтін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Ескелді ауданының су басқан елді мекендерінде 22 құтқарушыдан тұратын Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр, олар жүзу құралдарынан бөлек арнайы жабдықтар және техникамен жабдықталған.
"Қазіргі уақытта инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетіп азаматтарды су басқан аулалардан шығарып жатыр, делінген ТЖМ мәліметінде.
Қарабұлақ ауылында (2 шақырымда) 30 тұрғынды эвакуациялау жүргізілген. Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталып жатыр. Ескелді ауданының Абай ауылында 20-ға жуық аула аумағы су астында қалды. Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды.
Ауылдарда ЖАО күшімен жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендер тау бөктеріне жақын орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін Ескелді ауданы Ешкіөлмес және Абай ауылдарын су басқаны хабарланған болатын. Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардан тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілгені айтылды. Зардап шеккендер жоқ.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар түсіріп алған сурет, видеолар тарады. Кадрлардан көліктердің суға батып, көшелерді толықтай су басқаны көрінеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан