- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында ауыл...
Жетісу облысында ауыл тұрғыны үйінің ауласында марихуананың 105 бұтасын өсірген
Фото:
polisia.kz
Жетісу облысындағы ауылдардың бірінде кезекті есірткі плантациясы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін тіркеуді Қаратал ауданының полицейлері жүргізді.
Тәртіп сақшылары Ескелді ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің жеке тұрғын үй учаскесінде марихуана өсірген.
"Күдіктінің бақша учаскесінде марихуананың 105 бұтасы табылды. Сонымен қатар оның жеке үйінен 2 келіге жуық өсімдік тектес есірткі тәркіленді", - деп хабарлады полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан