- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында ата-ана...
Жетісу облысында ата-ана әкімдіктен берілген мектеп формасына шағымданды
Әлеуметтік желілерде Жетісу облысында әкімдіктен берілген мектеп формасының суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан мектеп формасы бірнеше өлшемге үлкен екені көрінеді. Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы ата-ана мемлекеттен берілген көмекке шағымданды.
Жергілікті белсенділердің айтуынша, мұндай жағдай Кербұлақ ауданында көп байқалған. Алайда бұл мәселе әлі жарияланбаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова мектеп формасы ауыстырылатынын айтты.
"Суреттегі баланы анықтай алмай жатырмыз. Ата-аналардан Білім басқармасының сенім телефонына +7 (705) 226-26-13 хабарласуын сұраймыз. Бүгінге дейін жеткізушілер өлшемі сәйкес келмейтін барлық мектеп формасын ауыстырды", - деді ол.
Еске салайық, тамыздың басында мектеп формасына байланысты жанжал осы Кербұлақ ауданында шыққан болатын. Ата-ана дұрыс мектеп формасының орнына қызына бірнеше өлшемге үлкен киім алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова