- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында алтынды...
Жетісу облысында алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды
Жетісу тауларында алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Баслым мәліметінше, дерек Ақсу ауданында тіркелген.
1 қазанда Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер алтын іздеушілер бригадасын ұстаған. Бригада алты ер адамнан тұрған. Күдіктілер алтын өндірумен айналысқан деп болжанып отыр. Тәртіп сақшылары күдіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатыр тәркіледі.
"Қазылған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды және тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша тергеу жүргізіледі", - деді Жетісу облысы ПД Табиғатты қорғау басқармасаның аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова