Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары алты адамды құтқарып, эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысы Алакөл ауданы Көктұма станциясының жанында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды.

Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары вахтовканың көмегімен Ақши ауылына 6 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмек мұқтаж емес.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!