- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық
Жетісу облысында әлдекімдер құны 72,5 млн теңге болатын газ құбырын ұрлап кетті
Алматы - Өскемен тасжолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын бейтаныс адамдар ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы полицияға "Транс Азия Констракшн" ЖШС директоры айтып, шағым түсірген.
Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған - Үшарал тасжолында жүргізіліп жатыр, оның құны 131,7 миллиард теңгеге бағаланады. Жоба бойынша 302 шақырым газ құбыры салынып, алты автоматтандырылған газ тарату станциясы орнатылады және жалпы 124 мыңға жуық тұрғыны 66 елді мекенге газ тартылады.
Жетісу облысының полиция қызметкерлері ұрлық фактісі бойынша үш күдіктіні - Алматы облысының тұрғындарын анықтады.
Ұсталғандардың бәрі қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан