Жетісу облысында алаяқ тұрғындарды WhatsApp арқылы алдап, 1,5 миллион теңгесін қағып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдықорған тұрғыны WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып, жасалған салымды екі есе жоғары қылып табыс табуға уәде берген.
Алаяқ WhatsApp арқылы топ құрып, оған үлесін екі есе арттыруға уәде беріп аңғал азаматтарды тартқан. Банк картасының деректемелерін жібере отырып, ер адам құрбандарына он күннен кейін табыс келеді деп уәде берген.
– Өкінішке қарай, азаматтардың арасында алаяқтың айла-амалдарына көніп, оның талаптарын орындап, қаражатты бірден аударғандар болды. Қысқа уақыт ішінде миллион теңгеге жуық кіріс алып, алаяқ материалдық пайда көру мақсатында, осындай тағы бір топ құрған. Бұл жолы ол 600 мың теңгеге байыған, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД.
Полиция қызметкерлерімен алаяқ анықталып, ұсталды. Талдықорған қалалық соты оны зардап шеккендердің барлығына өтемақы төлеп, үш жылға бас бостандығын шектеуге және жаза мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек ету туралы үкім шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!