Жетісу облысында 28 бас жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір полицейлері бұрын жасалған қылмыс санатындағы 28 бас жылқыны ұрлау фактісін ашты. Бұл дерек Ескелді ауданында өткен жылдың маусымында орын алған. Жылқыларды ұрлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады.
– Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданының ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдардың арасына қосып, жасырмақ болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрланған жылқылар өз таңбаларымен танылып, табылады деген үмітін үзбеген заңды иесіне қайтарылды, – деп атап өтті ПД криминалдық полиция басқармасында.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!