Жетісу облысында 2 мыңға жуық мұғалімнің құқығын бұзған басшылық жазаланды

Жетісу облысында 2 мыңға жуық мұғалімнің құқығын бұзған басшылық жазаланды
Фото: Midjourney

Прокурорлар Еңбек кодексін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды жазалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Жетісу облысының прокуратурасы "Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясында, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалім мен қызметкердің конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.

Тексеру барысында Ақсу ауданындағы №35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы саласындағы бұзушылықтар анықталды.

Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген. 

Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. 

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина