Жетісу облысында 19 жастағы жігітті қағып өлтірген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 қыркүйекте шамамен сағат 19.00 минутта 25 жастағы ер адамның басқаруындағы Volkswagen Golf автокөлігі Абылай хан көшесімен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Алған дене жарақаттарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!