- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында 10-сынып...
Жетісу облысында 10-сынып оқушысы жүкті болып қалған
Жетісу облысында 10-сынып оқушысы жүкті болып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының білім басқармасы мәліметінше, оқушы - жартылай жетім, анасынан айырылған.
"15 қыркүйекте Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысының (21.01.2008 жылы туған) аяғы ауыр болып қалғаны анықталды. Оқушының әлеуметтік статусы - жартылай жетім. Анасы 4 жасында қайтыс болған. Әкесі екінші әйелімен бірге тұрады. Оқушы мектепте 2014 жылдан, 1-сыныптан бері оқиды", - делінген ведомство мәліметінде.
Сондай-ақ, Білім басқармасы өкілдері оның соңғы 2 жыл бойы мектеп психологымен жеке жұмыс жүргізіп келе жатқанын мәлімдеді.
"Тәуекел тобында тұрады. Тәуекел тобына психологиялық диагностика жұмыстарының қорытындысы бойынша алынған. Заңды өкіліне сынып жетекшісі мен мектеп психологы тарапынан қыздың психологиялық жай-күйімен таныстырылған. Мектеп қабырғасында, бірнеше рет емхана қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген "Ерте жүктілік" тақырыбында қыздар арасында өткізілген жиналыстарға қатысқан. Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен оқушы жазғы каникул кезінде лагерьге жіберіліп, мектеп формасына бөлінген қаражатпен қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.
Оқушы 4 қыркүйектен бастап асқазаны ауырғаны туралы отбасында шағым жасаған. 8 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы балалар ауруханасына жатқызылған кезде аяғы ауыр екені анықталған.
"Болған жағдайға байланысты полиция бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның бұл білім беру ұйымында білім алуына мектеп әкімшілігі тарапынан ешқандай қарсылық болмады, алайда заңды өкілдерінің өтініші бойынша 19 қыркүйекте құжаттары беріліп, кешкі мектепке ауыстырылды. Әкесінің мектеп тарапына ешқандай арыз-шағымы жоқ. Қызының болашақ тағдырына осындай шешім қабылдағанын жөн санады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова