- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысы полиция...
Жетісу облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов 1973 жылғы 22 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1995 жылдан бастаған.
Еңбек жолын жедел уәкілден бастап, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болды.
Еске салайық, департаменттің жеке құрамы арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту және облыс аумағындағы жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында 2023 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауымен өңір полициясын уақытша Арман Саданов басқарды.
Қазіргі уақытта полиция генерал-майоры Арман Саданов ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментін басқаруды жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан