- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облыстық соты...
Жетісу облыстық соты ғимаратының аумағында Елтаңба аяқ астында тапталып жатыр
Талдықорғандағы сот ғимартының аумағында Мемлекеттік Елтаңба аяқ астында тапталып жатыр. Мұны Сандуғаш Дүйсенова есімді қолданушы видеоға түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жетісу облыстық соты. Қазір Сандуғаштың тіміскіленіп, кірмейтін жері жоқ деп айтасыңдар. Иә, тіміскіленемін, кіремін. Сұмдық қой мынау. Мемлекеттік Елтаңба аяқтың астында тапталып жатыр", - дейді видео авторы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл видеодағы әрекет Желі қолданушыларының да ашуына тиген.
Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Елтаңба жақын арада ауыстырылғанын, сонымен қатар облыстық сот ғимаратында жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты Елтаңбаның макеті сол күні сыртқа шығарылғанын хабарлады.
"Алайда ол жұмыс күнінің соңына дейін сақтау қоймасына қайта қойылуы керек еді. Негізгі құралдарды есептен шығару кестесіне сәйкес, Елтаңба 2023 жылғы 31 шілдеде жойылуға тиіс болатын. Оған дейін ескі Елтаңба сот ғимаратында сақталуы керек", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жетісу облысы полиция департаменті бұл видеоны зерттеген.
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысы полиция департаменті видео авторына азаматтық ұстанымын көрсетіп, құқық қорғау органдарына хабарлап, анықтауға көмектескені үшін алғыс айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан