Боран салдарынан Жетісу және Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты:
- Алматы - Өскемен автожолының 124-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасы - Талдықорған қ.);
- Алматы - Өскемен автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қ. - Көлбай ауылы) көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы - Өскемен автожолының 78-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қ. - Жетісу облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова