Жетісу және Ақмола облыстары бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еркін Түймелиев Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Еркін Түймелиев бұған дейін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Ал Дастан Бөкешев Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР ҚМА Жедел департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, мұның алдында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!