Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жетісу ауданының әкімі Ляззат Жылқыбаева жаңа емханалардың ашылуы мен қолданыстағы әлеуметтік қолдау орталықтарының жұмысы туралы айтты.
Жыл соңына дейін Нүсіпбеков көшесінде тәулігіне 200 адамға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылады. Омаров көшесіндегі тағы бір емхана тәулігіне 300 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шілде айында 21-ші қалалық емхананы толық жөндеу жұмысы аяқталмақ.
Ауданда мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, тұрғындарға әртүрлі қызмет түрлері ұсынылады:
Айнабұлақ пен Кемелде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары 318 қартқа 4800-ден астам қызмет көрсетіп, йога, айкуне, қолөнер, хореография, компьютерлік сауаттылық, тілдер бойынша курстар мен басқа да қызметтер ұсынды.
Алматы әкімдігі ұсынған материал