Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты

Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты
Фото: t.me/prokadrykz

Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 720-шақырымында жол апаты болды.

Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Осылайша, автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысқан.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған автобус апатқа дейін Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан