Желіде Жетісайдағы құжаты жоқ жеті жасар баланың оқиғасы қызу талқыланып жатыр. Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл іске қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
bota770_ есімді TikTok қолданушысы өз парақшасында көпшіліктің назарын аудартқан видеоны жариялады.
Бала бейтаныс әйелдің сұрақтарына жауап береді және інісі бар екенін айтады.
Сондай-ақ баланың айтуынша, оның құжаты жоқ, мектепке де бармайтын көрінеді.
@bota770_ #рек #рекомендации #жетісай #fyp #р_е_к_о_м_и_н_д_а_ц_и_и #рек #врек #rek #рекомендации #CapCut #жетісайқаласы #жетісай ♬ оригинальный звук - Botakan
Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа мәліметтерді хабарлады. Ағайындылар қазір арнайы мекемеде уақытша жатқаны белгілі болды.
"Осы жағдайды мемлекеттік орган бекіткен алгоритмге сәйкес шешу үшін арнайы топ жұмылдырылғанын хабарлаймыз. Жеті жастағы бала мен оның інісі аман-есен. Қазіргі уақытта балалардың денсаулығына қатысты құжаттарын рәсімдеу және барлық құқын қалпына келтіру мәселесімен тиісті органдар айналысып жатыр", - деп хабарлады департамент.
Комитет баланың анасының тірі екенін де растады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!