- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісайда көршісіне опасыздық...
Жетісайда көршісіне опасыздық жасаған әйел ұсталды
Жетісайлық тұрғын көршісін Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беремін деп алдап соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беретінін айтып, әбден сеніміне кіріп, жалпы 16 130 000 теңге ақшасын және 2 миллион теңгелік алтын әшекейлерін алдап алып кеткен.
Бұл оқиғаны полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Күдікті мен жәбірленуші көрші болып шықты. Ол жәбірленушіден алған ақша мен әшекей бұйымдарды бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Бүгінде оған қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
С. Сатыбалдина