Жетісайда екі жігіт садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлап кеткен. Полиция оларды "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісай аудандық полиция бөліміне садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы мешіт қызметкері шағым түсірген. Оның айтуынша, түнгі уақытта бейтаныс біреу қайыр садақа салынған мешіт алдындағы темір жәшікті бұзып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен.
Полиция күдікті ретінде 18 жастағы жұмыссыз екі жігітті ұстады. Тергеу барысында күдікті жігіттер өзара сөз байласып, 02:30 шамасында екі бірдей мешітке ұрлыққа түскені анықталды. Содан садақа жәшігін темір құралмен бұзып ашып, ішіндегі ақшаны алып кеткен. Мұны екеуі бөліп алған.
Қазіргі таңда күдіктілер жігіттерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!