Jetour бренді Қазақстанның автокөлік нарығындағы өз позициясын нығайтып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша марка сатылған жаңа көліктер ішінде көшбасылардың қатарына енді. Бұл туралы брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы хабарлады.
Қазақстанның автокөлік одағы (ҚAO) мәліметі бойынша, бір жылда 14 507 Jetour көлігі сатылып, бренд Қазақстанда көп сатылатын үздік бестіктің ішінен орын тепкен. Сондай-ақ көліктің сапасы мен сұраныстағы модельдер санына қарай тұтынушылардың сенімі де артқан.
2025 жылы Jetour Қазақстан нарығындағы ең тез өскен автокөлік бренді атанып, оң өсім динамикасын көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша сатылым деңгейі 53 пайызға көтерілген.

Бұдан бөлек алғашқы жарты жылдықтың нәтижесіне сәйкес сатылым 125 пайызға өсіп, бренд Қазақстандағы қытайлық маркалар ішінде 1-орынға шықты. Бренд үшін бұл Jetour-дің сенімді әрі сұранысқа ие, кроссоверлер нарығында бәсекеге түсе алатын марка екенін тағы бір нақтылай түскендей.

Қазақстанда Jetour-дің дамуы ел ішінде орнығуымен де көрініс тапқандай. Мәселен, 2025 жылдан бастап Қостанайда Jetour X70 Plus шағын торапты құрастыру әдісімен жиналады. Сондай-ақ брендтің дилерлік инфрақұрылымы да дамып келеді.
"Бүгінде брендтің 32 дилерлік орталығы бар. Орталықтар Қазақстанның ірі қалаларында ғана емес, аймақтарында да ашылған. Бұл автокөлікті сатып алушылар үшін қолжетімді етеді. Мұның барлығы Jetour-дің Қазақстан нарығындағы ұзақмерзімді жоспарының үлкен мәнге ие екенін айқындайды", - деп сенеді Jetour Qazaqstan.
Суреттер: Jetour Qazaqstan
Осы орайда брендтің баға ұсынысы да маңызды болып отыр. Бүгінде Jetour автокөліктерін Қазақстанда тиімді шарттармен алуға болады:
- Jetour Dashing – 8 990 000 теңгеден бастап;
- Jetour X70 Plus – 10 990 000 теңгеден бастап;
- Jetour X90 Plus – 11 490 000 теңгеден бастап қолжетімді.
"Осылай нарықта өзінің сұранысқа ие әрі сенімді екенін дәлелдеген бренд сатып алушыларға тиімді баға ұсынып отыр. Тұтынушылар үшін мұндай ұсыныс – нарықта мойындалған, заманауи кроссоверлерге назар аударуға мүмкіндік", - деп қосты брендтің дистрибьюторы.
Жинақтары, сатып алу шарттары мен тест-драйв жайды мәліметтерді толығырақ Jetour Qazaqstan ресми дилерлік орталықтарынан білуге болады.
Жарнама материалы
Massaget.kz