- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жетінші арнаның" YouTube...
"Жетінші арнаның" YouTube арнасына 2 млн адам жазылды
2018 жылы "Жетінші арнаның" YouTube-тағы арнасы елде алғашқылардың бірі болып алтын батырма алған (1 миллион жазылушысы бар арнаға беріледі) еді. Ал биыл арна жазылушыларының саны 2 миллионға жетті.
Мұның отандық телевизиядағы үлкен жетістік саналатыны даусыз. "Жетінші арна" ақпараттық-ойын сауық телеарналар арасында қазақстандық YouTube-ты бағындырған алғашқы арна атанды. Демек, телеарнаның digital-алаңдағы контенті – көпті қызықтыратын сапалы дүние деген сөз.
"Жетінші арнаның" YouTube-тағы арнасы 2010 жылы ашылған. Осы күнге дейін 20 000 видео жүктелген. Жанры мен бағыты әртүрлі. Басым көпшілігі – отбасылық, жастарға арналған, көңіл көтеріп, позитивті, жанды, жарқын күй сыйлайтын контент. Телеарна қазақ және орыс тілдерінде өзіндік бірегей жобаларды ұсынып, тұсаукесерін жасауға көңіл бөледі. Ондағы мақсат – көрермендерге жағымды көңіл-күй сыйлау.
Телеарнаның жаңа жобалары эфирде тұсауын кескеннен кейін YouTube-тағы арнасында жарияланады. Соның арқасында көрермен өзі ұнатқан телехикаялары мен бағдарламаларын ыңғайлы уақытында тамашалай алады. Бұған көрермендер де үйреніп қалған. YouTube-тағы арнаның жазылушылары күніне 9-10 мың адамға көбейіп отырады.
Видеоматериалдардың жалпы көрілімінің саны – 1 210 378 203!
Қазір YouTube арнадағы "Тек қана қыздар" жобасы мен "Тақиясыз періште", "Ұлы дала жанұясы", "Зың-зың Күлпәш" сынды телехикаялар көрермен арасында аса танымал.
Ал ең танымалы – “Q-елі” счетч үзінділері. 3-4 минуттық видеоларының өзі 1 200 000 қаралым жинайды. Сериалдардың арасында "Тақиясыз періштенің" көрермендері көп, оның бір шығарылымының өзін бір миллион адам тамашалайды. Ал оның бірінші маусымы 51 миллион қаралым жинады.
YouTube арнадағы видеоматериалдар ыңғайлы, іздеп табуға қолайлы жолмен плей-парақшаларға бөлінген.
Айта кеткен жөн, "Жетінші арна" – 2009 жылы "Эра" телеарнаның базасында құрылған, кабельді және спутник желілер арқылы тарайтын, қазір жылдам дамып жатқан ұлттық телеарна. Жақында ғана телеарнаның басқаруында медиа салада тәжірибесі мол журналист Сергей Майборода болды. Оның айтуынша, қазір телеарна "дамуының жаңа кезеңіне" көтерілді. Телехикая, бағдарлама, кинофильм, сондай-ақ каналдың бағдарламасы мен маркетингісін жолға қою бойынша мүлдем жаңа бағытқа көшуді, заманауи өндіріс амалдарын іске қосуды жоспарлап отыр.
Instagram, ВКонтакте, Facebook, Twitter, Telegram сынды әлеуметтік желілердегі digital-кеңістікті те дамытуға үлкен көңіл бөлінбек.
Юмор, музыка, ойын-сауық, сериал және шоу – бәрі осында. Сыйлық пен жүлделер бар. Жазылыңыздар, достарыңызбен бөлісіңіздер!
Қ. Слямбек