- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жетінші арнада" "Маска"...
"Жетінші арнада" "Маска" шоуының тұсаукесері
Осы сенбіде, яғни 7 қараша күні «Жетінші арнада» ең ерекше «МАСКА» вокальды шоуының тұсаукесері болады. Бұл дүние жүзіне әйгілі The Masked Singer форматының ресейлік нұсқасы. Жоба осыған дейін көрермендер тамашалаған бірде-бір шоуға ұқсамайды.
Ең үздік орындаушы атағы үшін қызықты жекпе-жекте 12 атақты адам бақ сынайды: әншілер, актерлер, шоумендер, жүргізушілер мен спортшылар. Қатысушылар ерекше образда және жекелей бәріне жасалған маскада шығады. Шоу ережесі бойынша қатысушының кім екені толық құпия болады. Танымал әділқазылар – Филипп Киркоров, Валерия, Регина Тодоренко, Гарик Мартиросян және Тимур Родригез маска киген кім екенін табуға тырысады. Қызық болары соншалық, ақырғы сәтке дейін ой мен болжам өзгеруі мүмкін. Жетістік сыры – қатысушылардың жанды дауысы жүрек тебірентер шеберлігінде.
The Masked Singer форматы әлемнің 50-ге жуық елдеріне сатылған. Олардың қатарында Мексика, Аустралия, Таиланд, Германия, Франция және басқа да мемлекеттер бар. Музыкалық жоба әлемдегі телекөрермендер арасында бірден танымалдылыққа ие болды. Ресейде бұл шоу «НТВ» арнасы рейтингін 2011 жылдың қазан айынан кейін алғаш рет жоғарылатты. «МАСКА»-ны БАҚ 2020 жылдың басты жаңалығы деп жазуда. Бұдан өзге бұл жоба ресейлік телеарналардағы кейінгі төрт жыл ішіндегі ең қызықты ойын-сауық бағдарламасы және кейінгі жеті жылдағы үздік музыкалық шоу деп танылуда. «НТВ» арнасында шоу басталғаннан сәттен бастап барлық +18 бағдарламалар арасында көш басына шыққан, сондай-ақ 14 пен 44 жас аралығындағы нәтиже бойынша да алдыңғы қатарда тұр.
Олай болса ең танымал «МАСКА» жобасының тұсаукесері мен жаңа шығарылымын осы сенбі сағат 20:45-те «Жетінші арнадан» көріңіз. Финал өте қызық болады!
Н. Үсенова