"Жетімдерді жетістіріп алсыншы". Танымал әзілкеш баланы ұратындарға қарсы қабылданған заңға қатысты жазба қалдырды

"Жетімдерді жетістіріп алсыншы". Танымал әзілкеш баланы ұратындарға қарсы қабылданған заңға қатысты жазба қалдырды
Фото: instagram.com/nnurbolkhann/

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Желідегі парақшасында баланы тәрбиелеу кезінде күш қолданатындарға қарсы қабылданған заңға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, заң бойынша баласын ұрып-соққан ата-аналарды құқығынан айырады. 

"Ассалаумағалейкүм құрметті достар. Балаларды ұрып тәрбиелеуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды. Енді сіз балаңызға қолыңыздың ұшын да тигізе алмайсыз, өйткені заң жобасы қабылданды. Балаңыз ұрып-соқсаңыз немесе қолыңыздың ұшын тигізіп тәрбиелейтін болаңыз, құқық қорғау органдары келіп балаңызды алып кетеді, сізді ата-ана құқығынан айырып, балаңызды сізден тартып алады", - дейді әзілкеш видеода. 

Сонымен қатар, ол оқырмандарының ойын сұрады.

Заааңын шығарды! Бұдан былай сiз балаңызға қолыңыздың ұшын да тигiзе алмайсыз. Ендi балабақша, мектептерде балаңыздан жәймен сұрап бастайды, үйде ата-анаң ұра ма деп. Бұл заң туралы пiкiр екiге бөлiнетiнi сөзсiз. Сiз қалай ойлайсыз? Ойыңыз қандай? Сосын, таныстарыңызға таратыңыз балаларын ұрып жүрмесiн!

Заңжобаның авторлары 4 адам ғана:
• Аймағамбетов А.К.
• Бейсенбаев Е.С.
• Еспаева Д.М.
• Сулейменова Ж.Д", - деп жазған ол.

Осы тұста әзілкеш оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл заңды қолдаса, басқасы қарсы шыққан.

"Қолың ұшын тигізбей тәрбиелеген балаңды әскерде ұрып өлтіріп табытпен не ауру қылып жіберіп жатыр. Оған неге заң шығармайды? Қумасыншы. Одан да педофилдерді өлтіретін заң шығарсын", "Өздері таяқ жемеп пе? Өлген жоқпыз. Жаман да болған жоқпыз мұғалімнен де, анамыздан да таяқ жеп өстік", "Үкімет жетім балдарды жетістіріп алсыншы. Оңды солды таратқан балдар зарлап кеп жатқан жоқ па?! Әке шешесі барды қорғамай-ақ қойсыншы", - деп жазған олар. 

Айта кетейік, бұған дейін "Күтім керек". Танымал актер денсаулығы сыр бергенін айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңздар: Қазақстанда екі елдің азаматтығын алуға бола ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә