- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеткізу қызметімен айналысатын...
Жеткізу қызметімен айналысатын робот жасалды
CarriRo жапон робот – курьері. Оның өмірге келуіне септігін тигізген ZMP компаниясы робот жұмысына бірнеше аптадан соң кірісетінін мәлімдеді. CarriRo роботы көлік секілді жұмыс жасайды. Тіпті, алдында түнгі уақытта жанатын жарық та бар. Ол 60 тапсырысты бір уақытта қабылдап, оны дәл уақытында жеткізеді.
Соңғы уақытта робот-курьерлер үлкен қалаларда үлкен сұранысқа ие бола бастады. DoorDash атты робот Сан-Франциско қаласының тұрғындарын қуанышқа бөлесе, Лондон қаласының көшелерін Skype құрастырушылары жасаған робот кезіп жүр.
ZMP компаниясының роботы Жапонияда суши тапсырысын жеткізумен айналыспақ. CarriRo роботының биіктігі небәрі 1 метр, ол сағатына 6 километр жылдамдықпен жүреді. Арнайы камера мен көшеде еркін жүруге мүмкіндік беретін лазерлі сенсорға ие. Робот-курьер өз жұмысын тамыз айында бастайды.
Бірақ, әлі күнге дейін Жапония билігі робот-курьерге жолда жүруге рұқсат бермеген. Ол рұқсатқа қашан қол жеткізетіні де белігіз. Сондықтан, әзірге тек жабық аймақтарда ғана қызмет көрсетеді.
Т. Есқали