- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеткіншектердің бір-бірін өлтіруіне...
Жеткіншектердің бір-бірін өлтіруіне не себеп? Психолог жауап берді
Әлеуметтік желіде бірнеше қыздың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Онда хиджаб киген екі оқушы бір бойжеткенді тепкінің астына алғанын көруге болады. Оқиға Дағыстан астанасы Махачкалада болған. Кейінгі кезде әлеуметтік желіде осыған ұқсас түрлі сұмдық тарап жатыр. Бұл жұртшылықты дүрліктіріп қойды. Жеткіншектердің есіруіне, тым қатыгездігі мен жауыздығына, бір-бірін өлтіруіне не себеп? Психолог жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Балаға ата-ана ашумен жауап қайтаратын болса, ұрысу арқылы, ұру арқылы бала іштей қорқып қалады. Одан кейін күші жеткен адамдарға өз күшін көрсете бастайды. Яғни, өз-өзіне мен күштімін дегенді дәлелдегісі келеді. Одан кейін барлық адамды жау ретінде көре бастайды. Сондықтан да агрессия болатындай жағдайлар көп боп жатады", - деді психолог Анаргүл Ибрайымбекова.
Елімізде буллинг сөзі заңнамаға былтыр мамырда ғана енді. Оған дейін бұл ұғым ешқандай құжатта бекітілмеген еді. Сондықтан елде нақты қанша бала мен жасөспірімнің әлімжеттікке ұшырайтынын тап басып айту қиын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек