- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеткіншектер 7 жасар...
Жеткіншектер 7 жасар баланы 3-қабаттан лақтырмақ болған: іс сотқа жіберілді
Әлеуметтік желіде астаналық бір топ жеткіншек 7 жасар баланы 3-қабаттан лақтырып жібермек болғаны туралы бейнеленген видео тарады. Елордалық Полиция департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Онда балалардың 7 жасар баланы сүйреп бара жатқаны көрінеді. Ал біреуі барлық жағдайды видеоға түсіріп жүр.
"Бұл - менің құлдарым", - дейді бір бала видеода.
7 жасар баланың анасы оқиға 8 қыркүйекте болғанын айтты. Оның айтуынша, үлкен ұлы аулада жүрген соң балалар ұлын 5-қабаттан лақтыра алмаған.
"17:00 шамасында көршілердің балалары менің 7 жасар ұлымды 12-қабаттан лақтырып жібермекші болған, кейін 3-қабаттан лақтырып көргісі келген. Бұл уақытта інісін қорғағысы келген 10 жастағы ұлым да жанында болған. Екеуі де шок болып қалды. Олар "достарының" мұндай әрекетке баратынына сенбеді", - дейді балалардың анасы.
Massaget.kz тілшісі елордалық Полиция департаментіне бұл жағдайға қатысты сұрау салды.
"Бұл дерек тіркелді. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Заңды өкілдерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Астана қаласының полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Сонымен қатар балалардың жүрген жерін бақылау қажетін еске саламыз", - делінген жауапта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек