- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеті өңірде көлікті...
Жеті өңірде көлікті заңсыз есепке қойғандар әшкере болды
Ішкі істер министрлігі Қазақстанның жеті облысында заңсыз тіркелген көліктерді анықтады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Министрлік заңсыз әрекеттерге барған полицейлерді анықтау үшін шаралар қолданып жатқанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы еліміздің жеті облысында көршілес елдерден әкелінген көліктердің Қазақстанға заңсыз тіркелуі бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр", - деді министрліктің Криминалдық полиция департаментінің аға анықтаушысы Сағындық Жантеміров.
Ведомство мәліметінше, соңғы үш жылда екі мыңнан аса көлік заңсыз тіркеліп, мемлекетке 10 миллиард теңгеден аса шығын келген.
"Мәселен, арнайы іс-шараның нәтижесінде Шымкентте ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері көршілес елдерден әкелінген көліктерді кедендік баж салығын төлемей заңсыз тіркеу, қайта өңдеу схемасының жолын кесті. Сот санкциясымен Қалалық полиция департаменті процессинг орталығының екі қызметкері қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.
Ішкі істер министрлігі Шымкентте заңсыз тіркелген 53 көлік мемлекетке 320 миллион теңгеден аса шығын келтіргенін де атап өтті.
Г. Досымшалова"Қылмыстық топтың құрамына делдалдар, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көмекшілер, жалған сенімхат берген нотариустар болды. Қылмыстық схемаға қатысушылардың барлығы жедел-іздестіру шаралары барысында анықталады", - деп қосты Сағындық Жантеміров.