Жеті қызының 90 жастағы анасын құттықтауы Қазнетті тәнті етті

Жеті қызының 90 жастағы анасын құттықтауы Қазнетті тәнті етті

Жеті қызының 90 жастағы анасын құттықтау видеосы Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. Оны Арайлым есімді ақтаулық жүктеген. Қыздары Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы "Анашым" атты әнін орындап, бір шоқ гүлімен төрде отырған анасына барып, құттықтаған. 

"7 қызының 90 жасқа толған аналарын құттықтауы. Нағашы әжем, 100 жасаңыз", - делінген видеода. 

@nevrolog_aktau

♬ оригинальный звук - Арайлым

Видео 550 мыңға жуық қаралым жинаған. 36 мыңнан аса адам лайк басып, мыңға жуық пікір жазылған. 

"Қандай күшті. Бізге де осылай анамыздың 90 жасын тойлау нәсіп етсін", "Көзіме еріксіз жас келді ғой", "Біз де 7 қызбыз, осылай тойлауды жазсын бізге", "Бақытты жандар екен аналары қасында, таза көңілмен қызықтым", "Керемет құтты болсын. Апамыз бақытты. Менім анам 7 қыз әкелді. Аллаға шүкір. Анамды өзім қарап жатырмын. Анам 83-те. Мен жетінші қызымын", "Алла әжемізге күш қуат берсін", "Бақытты жан екен, адам ұрпағымен бақытты ғой, көз тимесін", "Күшті, қандай керемет. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Ғүмыр жасы ұзақ болсын, анамыздың жасын бізге нәсіп етсін", - деп пікір жазды Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина