- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жеті күнде тұрмысқа...
“Жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім“. Тамара Асар күйеуін қалай кездестіргенін айтты
Қазақстандық әнші Тамара Асар күйеуімен қалай кездесіп, бір аптаның ішінде тұрмысқа шығуға шешім қабылдағаны туралы айтып, сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Qazaqstan телеарнасындағы "Әйел әлемі" бағдарламасында сөз қозғады.
"Ұлым үшін ғана өмір сүріп келдім. Барымды соған арнадым. Бір күні қатарынан концерт болып, қатты шаршадым. "Құдай, маған күйеу берші" деп тілеп жатып, ұйықтап кетіппін. Кейін ондай дұға жасағанымды ұмытып кетіппін. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. "Мына әйелге үйленемін" деп мені көрсетті. Мен бәрін естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім ғой”, - деді Тамара Асар.
Әнші күйеуімен алғаш танысқан кезде қарапайым "сварщик" деп ойлағанын да жасырмады.
"Танысқанда бір фирмада дәнекерлеуші болып жұмыс істейтінін айтты. Сендім. Танымал әнші бола тұра "сварщикке" тұрмысқа шықтым. Өндірісті басқаратын басшы екенін кейін білдім", - деді ол.
Айта кетейік, отандық танымал әнші Тамара Асар бұған дейін де басынан өткен ауыр кезеңді есіне алып, ауыр дертімен күресте анасының асқан қайсарлығы көмектескенін баяндап берген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева