- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жеті боксшының алтауы...
"Жеті боксшының алтауы "ұшып кетті". Нұрсұлтан Құрман қазақ боксының трагедиясы туралы айтты
Cпорт журналисі, танымал тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман Олимпиададағы қазақ боксының трагедиясы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист бұл туралы Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұқбатында мәлімдеді.
"Бокстан Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадаға қатыса бастады. Атлантадан бастап медаль алып келе жатқан спорт түрі. 2004-ке дейін Сидней болсын, екі алтын алған кездер болды. Біздің ел доминация көрсететін, әлемге үлгі боларлықтай спорт түрі", - деді Нұрсұлтан Құрман.
Биылғы Олимпиадада бұл спорт түрі Қазақстан үшін өте сәтсіз болғанын айтқан ол бұл құбылысты трагедияға теңеді.
"Арманмен оянып, нервпен ұйықтаймыз. Қазіргі күйіміз сондай болып жатыр. Жеті боксшымыз бар, соның алтауы "ұшып кетті". Мысалы Қамшыбек күміс алады деп ойладым. Асланбектен, Сәкен Бибосыновтан да медаль күттік. Мұхамедсабыр жақсы келе жатыр еді. Нұрбек пен Айбектен о бастан медаль күттім. Шүкір, Нұрбек жартылай финалға шықты. Алтынға лайық болсын деп тілейміз, үміттенеміз. Бұл біз үшін бокстан өте сәтсіз, трагедияға толы, "қаралы", жолымыз болмаған Олимпиада болды. Бұл үлкен өзгерісті, отырыстарды және ашық сұрақтарды қойып талап етеді", - деді Нұрсұлтан Құрман.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева