Туған анасы екі айлығында сәбилер үйіне өткізген Берік есімді жігіт туғанын іздейді. Берік анасының бұл ісін оның материалдық жағдайының төмен болуымен түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Бармысың, бауырым?" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Қымбат Досжан Желідегі парақшасында жазды.
"Бармысың, бауырым?" хабарының бүгінгі кейіпкері Байгелдиев Берік Кубанычбкулы.
Анасына іздеу салған Беріктің жайы мен хабардың қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынамыз"
Сонымен қатар, Қазақ радиосының әлеуметтік желісінде Берік туралы тың дерек жарияланды.
"Бармысың, бауырым?" хабарының бүгінгі кейіпкері Байгелдиев Берік Кубанычбекулы.
Берікті туған анасы 2 айлығында сәбилер үйіне өткізген. Кейіпкер оның себебін анасының материалдық жағдайының төмен болуымен түсіндірді.
Берік 2011 жылға дейін балалар үйінде өседі. Сол жылы 10 наурызда оны қазақстандық отбасы асырап алған. Хабар барысында өгей ата-анасы өзіне қатал қарағанын, денсаулық жағдайы нашар екенін білсе де, жұмысқа жеккенін айтты.
Берік анасымен қауышсам деген арманын айтып, тегімді білсем деп тілегін жеткізді"
Айта кетейік, бұған дейін "Бір құшақтап, жүзін көрсем болды". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефонмен көңіл айтуға бола ма?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз