Air Astana әуекомпаниясының өкілдері KC 128 рейсі турбуленттілік аймағына тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания мәліметінше, KC 128 рейсі Ташкент - Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша саған 14.35-те ұшып кеткен. Ұшу кезінде әуелайнері күтпеген жерден турбуленттілік аймағына тап болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеті жолаушы түрлі жарақат алған.
Әуелайнері сағат 16.45-те Алматыға қонған. Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар болған жайт туралы әуежай қызметкерлеріне хабарлаған. Әуежайда жолаушыларды жедел жәрдем көліктері күтіп алған.
Компания өкілдері бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізілетінін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!