Жеті адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты: жаңа дерек айтылды

Жеті адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты: жаңа дерек айтылды
Фото: depositphotos.com/sinenkiy

5 шілдеде Балқаш маңындағы жол апатынан жеті адам тірідей өртеніп кетті. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қаралы оқиғаға қатысты мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға кезінде жүргізуші мен жолаушылардың бірін ғана құтқаруға мүмкіндік болған. Қалған жетеуі жалынға оранған көліктен шыға алмай, сол жерде қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, көлікте балалар да болған.

"Алдын ала деректер бойынша Қарағанды - Балқаш учаскесінде (454 шақырым) жол белгілері мен таңба талаптарын сақтамау салдарынан адам өлімімен аяқталған жол апаты тіркелді. Бұл оқиғадан 7 адам қаза тапты. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға және тәртіптілікке шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget