ЖЭС-тегі ақау салдарынан Степногор халқы жылусыз қалды

ЖЭС-тегі ақау салдарынан Степногор халқы жылусыз қалды

Степногорск қаласы жылу электр стансасында ауа райының күрт бұзылуының салдарынан жылу құбырлары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Степногор қаласы әкімдігінің мәліметінше жылу температурасы біртіндеп қалпына келтірілмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Оқиға 15 ақпан күні қатты боран соғып, ауа райының күрт өзгеруінен кейін болған. Жылу беру жүйесінде шыққан ақау "КЕГОК" акционерлік қоғамы желілеріндегі қысқа тұйықталулардың салдарынан болғаны анықталды. Степногордағы жылу орталығына барып жағдаймен танысқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев жылу жүйесін тезірек қалпына келтіруді тапсырған.

"14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні қаланың жылумен қамту жүйесінде температураның төмендегені байқалды. Бұл жылдамдығы секундына 35 метрге жеткен қатты боран мен 10 градусқа дейін төмендеген ауа райы жағдайына байланысты болған. Салдарынан "КЕГОК" компаниясы желілерінде қысқа тұйықталу болып Степногор жылу электр стансасын электр энергиясымен қамтитын "Степная" қосалқы стансасы сөндірілген.

"Мұның бәрі жылу орталықтарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Кеше №3 энергетикалық қазандық қайта іске қосылды. Жылудың бастапқы температурасы 45 градус болды. Өкінішке орай таңғы 4:28-де жұмысы тоқтап таңғы 7.30-да қайтадан іске қостық. Дегенмен ең қиын кезең артта қалды. Қазіргі уақытта су қыздыру қазандығы жұмыс істеп тұр. Алдағы тәуліктерде температуралық режим қалпына келтірілуі тиіс", - дейді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.


Степногор қаласы әкімдігінің мәліметінше мүдделі органдар барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Степногор қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың айтуынша тұрғын үйлер мен коммуналдық қызмет өкілдерімен жиналыс өткізген. Жылу жүйелерінің қатып қалуын болдармас үшін су айналдыратын циркуляциялық сорғылар жұмыс істеп жоғары ажыратқыш үйлерде суды төгу жұмыстары жүрген. Кеше 50 үйде жұмыстар жүргізіліпті.

"Қазіргі уақытта тәулік бойы қаланың жылумен қамту жүйесін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқиға облыс әкімінің тікелей бақылауына алынған", - дейді Степногор қаласы әкімдігінен.


Жұмыстар жүргізіліп жатқанымен қаланың бірқатар аудандары тұрғындары жылудың әлі берілмегенін айтып шағымданып жатыр.


Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы