Хамзат Чимаев пен Нейт Диастың жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты өтпейтін болды. БАҚ өкілдерімен әңгіме әдеттен тыс форматта өткен, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жалпы, пресс-конференция диалогқа ауыстырылған. Кейінірек бұған жаппай төбелес себеп болғаны белгілі болды.
"Жанжалға Хамзат Чимаев пен Кевин Холланд қатысқан, олардың арасында "домино эффектісі" тудырған қақтығыс болды - төбелеске басқа файтерлер мен олардың қасындағылар да қосылды.
Ариэль Хельванидің айтуынша, Чимаев Холландты кеуде тұсынан тепкен. Содан кейін оқиға Нейт Диаспен жанжалға ұласқан. Кейбір мәліметке қарағанда, оған 100-ге жуық адам қатысқан", - деп жазады "Чемпионат".
Оқиғаға қатысушылардың бірі, ММА боксшысы Чимаев өз әрекетін былай деп түсіндірген: "Мен оларға бізбен қалжыңдамаңдар деп айтқанмын. Холланд та, Диас та өзіне тиесіліні алды".
"Бәрі білсін. Мен бұл сайқымазаққа сақалын тегін алуды ұсындым. Мен АҚШ-та бұл қызмет тегін ұсынылатын бірде бір жерді білмеймін! Мен тура айтамын, уәде беремін, оны ұрмайтын едім", - деп жауап берді Холланд.
Орта салмақтағы UFC титулына бұрынғы үміткер, осы жанжалға араласқан бразилиялық Пауло Коста Чимаев "жерленгені" туралы сурет салған.
Кейін Дана Уайт қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын, тәртіпсіздікке қатысушыларға айыппұл салынатынын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!