- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жерге кіретін біз"....
"Жерге кіретін біз". Гүлзира Айдарбекова немерелері неге орысша сөйлейтінін түсіндірді
Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова немерелері неге орысша сөйлейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында немересінің видеосын жариялаған. Желідегілер немересі неге қазақша сөйлемегенін сұраған.
"Біз ұлдарымызды солай тәрбиеледік. Елден қаншама сөз, мысқылдар естідік кезінде. Қайрат орысша сөйлемейді, сөйлей де алмайды деген. Бірақ өз тіліңнен ұялма, басқа тілмен шүлдірлегендер өз тілін білмегеніне өздері ұялсын деп ескертіп отырдық. Ал енді немерелердің жанында бола бермейміз, оның үстіне келіндер "өз анасымыз, өзіміз туып алғанбыз, өзіміз білеміз" дейтін шығар, "иә" деп қояды да өз білгенін жасайды ғой. Әрине, сын айтылған сайын жерге кіретін біздер, бастарына тиген күні түсінер", - деді продюсер.
Кейін жазылушыларың бірі продюсердің сөзі келіні, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримоваға бағытталды деп топшылаған.
"Неге от үрлеп отырсыз? Мен Жұлдыз жайлы айтсам, келінімнен не сізден қорқып отырғаным жоқ. Қазір келіндердің бәрі баяғы біздер емес, жарайды деп бәрібір өз тәрбиесін бергенін қалайды. Өздерінің дегенін жасайтыны өтірік емес, оны өздеріңіз де инста-әлемнен байқап жүрсіздер. Тек мені емес, барлық келін заманға қарай солай. Біздің дегенімізбен ғана жүрсе, мына әлем өзгеріссіз тұра берер еді", - деп жауап қатты Айдарбекова.
Е. ТөлешПосмотреть эту публикацию в Instagram