Корея Республикасының алғашқы Ай орбитасы Danuri Ай мен Жер бетінің фотосуреттерін жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.
AFP мәліметінше, Danuri шамамен "Айдан ләззат алу" деп аударылады. Ол 2022 жылғы тамызда АҚШ-тан SpaceX зымыранымен ұшырылып, желтоқсанда Ай орбитасына шықты.
Суреттер 24 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында түсірілген. Корея аэроғарыштық зерттеу институты (KARI) мәліметінше, суретте Ай мен Жердің беті Айдан 120 шақырым биіктіктен көрсетілген. Кадрлардың бірі Аполлон 8 экипажы түсірген әйгілі Earthrise фотосуретінің композициясын қайталайды. Жаңа суреттер мен бейнелер 2032 жылы Айға қону үшін ықтимал орындарды таңдау үшін пайдаланылады.
Danuri Айды екі сағат бойы айналады. Ақпанда құрылғы Айдың бетін картаға түсіру және талдау, сондай-ақ, магнит өрісі мен гамма-сәулеленуді өлшеуді қамтитын ғылыми миссиясын бастайды. Сондай-ақ, инженерлер фотолар мен бейнелерді Жерге жіберу арқылы тәжірибелік "ғарыштық интернет" технологиясын сынамақ.
Корея президенті Юн Сук Ёл Danuri-дің жетістігін елдің ғарыш бағдарламасындағы "тарихи сәт" деп атады. Корея Республикасы 2032 жылға қарай Айға, 2045 жылға қарай Марсқа қонуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!