- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жерді өзгеғаламшарлықтар басып...
Жерді өзгеғаламшарлықтар басып алатыны рас па?
Әлеуметтік желілерде бұрынғы астронавт және NASA басшысы Чарльз Болден конференцияда сөз сөйлеп, жоғары технологиялары бар өзгеғаламшарлықтар планетамызды басып алмақ деп мәлімдеген. Оны ведомствоның екі қызметкері залдан шығарып жібергені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Жазба авторы Болденді "ғарышта 600 сағаттан аса уақыт болған адам және космонавтика маманы"дейді. Оның айтуынша, Болденнің пікірі қате болса, онда ол NASA басшысы етіп тағайындалмас еді.
Желіден іздеу барысында Болденнің жерден тыс өркениеттер туралы бір рет қана - 2015 жылы мектеп оқушыларымен кездесуде айтқаны анықталды. 10 жастағы Кармен Диринг Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының басшысынан өзгеғаламшарлықтарға сенесіз бе деп сұраған.
Болден кішкентай қызға ғаламда миллиардтаған күн жүйесі бар деп жауап берді. Оның ойынша, бір күні жер тұрғындары өмірдің басқа түрін, біреуін немесе бірнешеуін, жақын жерден болмаса, басқа жерден табады. Өйткені, мыңдаған, тіпті миллиондаған планета бар. Олардың көбі Жерге ұқсас болуы мүмкін. Сондықтан адамдардың басым бөлігі бұған дәлел табылатынына сенеді.
Конференция кезінде бұрынғы астронавтты NASA сахнасынан шығарылмады, өйткені ол "Жерді өзгеғаламшарлықтар басып алды" деген мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл фейк 2017 жылғы сәуірде шыққан. Оны сөз сөйлегеннен кейін бірден ұзақ демалысқа жіберді деген ақпарат та жалған. Бұл мүмкін емес, өйткені ол кезде 71 жастағы Болтон NASA-да жұмыс істемеген.
Бұл фейктің бастапқы дереккөзі - World News Daily Report сатиралық жаңалықтар сайты, ол ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайды. Бұл сайттың сипаттамасында "осы сайттағы шыққан мақалалардың барлық кейіпкері, тіпті нақты адамдарға негізделген кейіпкері де толығымен ойдан шығарылған және олардың тірі немесе өлген адамдармен ұқсастығы ғажайып жағдай" делінген.
Демек, Чарльз Болден Жерді өзгеғаламшарлықтар басып алатыны туралы конспирологиялық ойын айтпаған. Бұл -жалған ақпарат.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек