- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жер үйден шыққан...
Жер үйден шыққан өрттен 28 жастағы әйел мен балалары көз жұмды
Фото:
astana.tv
18 желтоқсанда Ташкенттің Яшнабад ауданындағы жер үйлердің бірі толығымен отқа оранды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astana.tv арнасына сілтеме жасап.
Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хаят Шамсутдиновтың айтуынша, Яшнабадтағы өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен оның 8 және 5 жасар екі қызы қаза тапты.
Осы жағдайға байланысты Яшнабад ауданының ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 259-бабы (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы