Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.
"Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстары сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтар тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, Венесуэлада кейінгі жүз жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 200-ге жуықтады, мыңдаған адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Магнитудасы 7,2 және 7,5 балл болатын екі жерасты дүмпуі сәрсенбіде кешке Венесуэла астанасының батысында тіркелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз