Жер сілкінісінде мүгедек баланы арқалаған еден жуушының оқиғасы халықты тәнті етті

Жақында Түркияда тіркелген жер сілкінісі кезінде мектеп ғимаратынан мүгедек баланы арқалап шыққан әйелдің оқиғасы халықтың жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдік басылымда Малатияның Кале ауданында болған 5,9 балдық жер сілкінісі кезінде Эмине Незихе Парлак есімді мектеп қызметшісінің бастауыш сыныпта оқитын мүгедек баланы арқалап келе жатқаны қауіпсіздік камерасына жазылғаны айтылған.

Түркияның бірнеше провинциясында болған жер сілкінісі мектептерде дүрбелең тудырды. Оқушылары жер сілкінісі кезінде сыртқа шығып жатқанда еден жуушы болып жұмыс істейтін Эмине Незихе Парлак сол мектепте оқитын мүгедек баланы ғимараттан арқалап алып шыққан. 

Әйелдің жанкештілігі мен мейірімі желі қолданушыларын тәнті етіп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!