Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға беруге болатынын, бірақ ол абсолютті болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Алматыдағы сейсмикалық жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
" Әлемде ешкім болашақ жер сілкінісінің орны, күші немесе эпицентрі туралы 100% болжам жасай алмайды. Бұл мәселемен әлемнің барлық ғалымы айналысып жатыр. Біздің сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия біз 24/7 алған деректерге негізделген, ықтималдығы 0,7, яғни 70% болатын қорытынды береді",- деді Дәулет Сәрсенбаев.
Сонымен қатар, ол Алматыда жағдай тұрақты және азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!