Әлеуметтік желіде алдағы уақытта Ақтау қаласында жер сілкінісі болады деген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісінде Ақтауда жер сілкінісі болады деген видео анықталды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталмаған және шындыққа жанаспайды", - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше де, бұл - жалған ақпарат, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.
"Мұндай ақпарат халықты үрейлендіріп, қоғамда негізсіз дүрбелең туғызады және бұл - жалған ақпарат тарату", - деді жауапты орган өкілдері.
Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желіде жарияланған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және күмәнді материалдарды таратудан аулақ болуды сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова